Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нарықтың нақты талдауы болмаса сапалы жұмыспен қамту мүмкін емес

Нарықтың нақты талдауы болмаса сапалы жұмыспен қамту мүмкін емес

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Спикер Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы қысқа мерзімді оқытудағы Ұлттық палатаның рөлі жайында айтты.
«Атамекен» белгілі бір кәсіпорындар қызметі аясында нақты мамандықтарға оқыту бойынша ұсыныс жасаған болатын.. Бүгінде Палата реестрінде тіркелген 141 оқу орталығы бюджет есебінен жұмыссыз жастарды оқытып жатыр. Оқу орталықтардың басым бөлігі кәсіпорындардың жанынан құралған – бұл бастама бизнес тарапынан қолдау тапты. Мәселен, мейрамханада оқу сыныптары ұйымдастырылады, онда даяшылар ен аспаздар дайындалады. Айта кетелік, мұндай оқыту 1 айдан 6 айға дейін жалғасады. Оқу сыныптарын іске қосуға болатын бизнестің салалары көп. Қысқа мерзімді оқытудың ерекшелігі оқуға 2 немес 3 жыл жұмсамай, жақсы біліктілік алып шығу. 2017 жылдың екінші жартысында 4 мыңнан астам адам осы бағдарлама бойынша оқып шықты, алайда түлектерді жұмыспен қамту әлі де өзекті. «Атамекен» нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға талдаудың жасалмауы бойынша жүйелі мәселені бірнеше рет көтерген болатын», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған сұрақты шешуде жаңа әдістерді ұсынды:
«Мысалға белгілі көлемде мейрамханалары, ТЖО және басқа да бизнес бағыттары бар Ақтөбе қаласын алайық. Біз оларды профильдер бойынша топтарға жинаймыз. Аталған қоғамдастықтардың қатысушылары өздеріне қажетті мамандарды айтады, осылайша оқу орталықтарына бағыт беріледі», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Басқарма Төрағасының орынбасары Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдараламасы аясында жүзеге асырылып отырған «Бастау Бизнес» оқыту жобасындағы кедергілерді атап өтті.
 «Бастау Бастау» жобасы қатысушыларына арналған шағын несиелеу қолжетімділігі мәселесі өзекті болып тұр. Төмендетілген 6 пайыздық мөлшерлемесі бойынша қаржыландыру қолжетімділігіне берілетін құжаттар саны әсер етеді. Біздің мәліметтер бойынша оқуға қатысушы 30-ға жуық анықтама мен растаушы құжаттарды жинау керек, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш тіптен жоғары. Туындаған жағдайды шешу үшін біз автоматтандыруды қолға алуды ұсынамыз. Мәселен, белгілі бір аудандағы қаржы ұйымдарының әлеуетті клиенттері көп емес, жылдан жылға осындай көрініс. Клиенттерді бірыңғай базаға жинау арқылы біз шағын несиелеуді алуға қажетті құжаттар санын қысқартуға қол жеткізер едік, өйткені көп деректер электронды жүйеде болады», – деді спикер.
 
Эльдар Жұмағазиев «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаржыланатын жобалардың аудандардың мамандану карталарына тәуелділігін айтты. 
«Аудан көлемінде территорияны дамыту жобаларының болуы – нәтижесін көрсеткен тәжірибе. Алайда аудандардың мамандану картасы деп аталатын құжат «тұрақты» құжаттар қатарында және аталмыш құжаттарға бейімделетін болсақ, тек ауыл шаруашылық бизнесін дамыту қажет. Бұл карталарды өзге бағыттағы бизнес-жобалармен толықтыру қажет, алайда карталар толық әрі әділ ақпарат беру үшін «Атамекен» скрининг арқылы нарықтың шынауы қажеттіліктерін зерттеуді ұсынады. ОҚО Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында жоғарыда аталған зерттеулер өз нәтижесін көрсетіп, осы аймаққа қандай бизнес-жобалар әлеуетті әрі тиімді екенін шынайы көрсетті. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне территорияларды дамыту бағдарламасын басты назарда ұстауға бағытталған жұмыс жүргізуді ұсынамыз. Мұндай маңызды мәселені жаңа тәсіл арқылы жүргізу жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етіп,бюджетті толықтыратын «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларымен қатар барлық тараптар үшін тиімді», – деді Эльдар Жұмағазиев.
20 ақпан 2018 ж. 1 022 1

Samat от 20 ақпан 2018 11:55
басы жаман есмес