Балаларды қорғау күніне орай спорттық эстафета өтті
Бүгін 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай «Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық эстафета» өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық пен бірлікті нығайту болды.
Эстафетаның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев қатысушыларға сәттілік тілеп, мерекелік құттықтау сөз сөйледі. Ол балалардың болашағы жарқын болуы үшін спорт пен білімнің маңызы зор екенін атап өтті.Спорттық сайысқа «Жалын», «Алға», «Қыран», «Сұңқар», «Зерек» топтары белсенді қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр топ ерекше дайындықпен келіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен жеңіске деген жігер іс-шараның сәнін келтірді.
Жарыс соңында барлық қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. «Батыл топ», «Үздік топ», «Қайсар-рухты топ», «Тату топ», «Жігерлі топ» атаулары балаларды жігерлендіріп, олардың бойындағы сенімділікті арттырды.
Жарыс соңында барлық қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. «Батыл топ», «Үздік топ», «Қайсар-рухты топ», «Тату топ», «Жігерлі топ» атаулары балаларды жігерлендіріп, олардың бойындағы сенімділікті арттырды.Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі









