“БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
Арал қаласындағы “Вокзал” бастауыш партия ұйымы “Бақытты отбасы” жобасын жүзеге асыру бағытында тағы бір мағыналы бастаманы қолға алып, отбасыларды біріктірген спорттық сайыс ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – отбасылық бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру болды.Іс-шараны бастауыш партия ұйымының төрағасы Тлепов Кенжебек Шараптұлы ашып, жобаның қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде отбасы институтын қолдау – партиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін, мұндай бастамалар ел болашағы үшін қажетті құндылықтарды қалыптастыруға зор үлес қосатынын жеткізді.
Спорттық сайыс бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, әр отбасы ептілік пен жылдамдықты, сондай-ақ өзара үйлесімділікті талап ететін тапсырмаларда бақ сынады. Балалар мен ата-аналардың бір команда болып әрекет етуі жарыс атмосферасын ерекше жандандырып, көрермендерге қуанышты көңіл күй сыйлады.
Сайыс қорытындысымен оза шапқан қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан отбасылар да назардан тыс қалмай, ынталандыру марапаттарына ие болды.










