Отбасы институтын дамыту басты

Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту және жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Семинар барысында қатысушыларға отбасы қарым-қатынасын нығайту, балалардың тәрбиесіне ықпал ететін тиімді тәсілдер мен психологиялық кеңестер ұсынылды.
Жиынға жергілікті тұрғындар, мұғалімдер мен партия мүшелері қатысып, отбасы институтының қоғам дамуындағы маңызы жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар мұндай игі бастамалардың қоғамда татулық пен бірлікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.