Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Біз бақытты отбасы" атты спорттық жарыс өткізілді

"Біз бақытты отбасы" атты спорттық жарыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 23-сәуір күні "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалы "Сарыбұлақ" бастауыш партия ұйымы "2022- Балалар жылы" аясында партия мүшелері арасында "Біз бақытты отбасы" атты спорттық жарыс ұйымдастырды.
Аталмыш шараның мақсаты — отбасы құндылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру.
Жарысқа Сарыбұлақ БПҰ қарасты 4 топтық ұйымнан 3 отбасы мүшелері өздерінің спортқа бейімділіктерін көрсетіп, шымырлық пен ептіліктің үлгісін көрсетті. Спорттық жарыста Ұ.Қараманов атындағы N262 мектеп-гимназиясынан қатысқан Ербосыновтар отбасы бірінші орын, Сарыбұлақ мекемесінен қатысқан "Жолдасовтар" отбасы екінші орынға табан тіресе, үшінші орынға "Алтын балық" бөбек жай атынан қатысқан "Серіковтер" отбасы лайық деп танылды.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсуіне септігін тигізген спорттық ойынға қатысушыларға "AMANAT" партиясының Арал аудандық филиалының сектор меңгерушісі Құдайбергенова Ханзада мен "Сарыбұлақ" бастауыш партия ұйымының төрағасы Сисенов Руслан сыйлықтармен марапаттап, оларға алғыс хаттар табыстады. Ерекше көңіл күйде тарқасқан балалар мен олардың ата-аналары осындай отбасылық жарыстарды алдағы уақытта да жиі өткізіп тұруға сөз байласты.

23 сәуір 2022 ж. 1 487 0