Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас отбасылар арасында эстафеталық сайыс өтті

Жас отбасылар арасында эстафеталық сайыс өтті

“AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында “Сарбұлақ” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында эстафеталық жарыс өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас отбасылардың белсенділігін арттыру және олардың қоғамдағы рөлін нығайту болды. Сайысқа қатысқан отбасылар түрлі спорттық кезеңдерде бақ сынасып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай отбасылық бағыттағы бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. 

#АМАНАТ
22 қыркүйек 2025 ж. 154 0