«ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Шараға ауданға қарасты қала, кент және ауылдық округтерден келген үлгілі отбасылар қатысып, өнерлерін ортаға салып, өзара бақ сынасты. Сайысқа әр отбасы шығармашылық шабытпен, тың дайындықпен келгенін байқатты. Қатысушылар төрт кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс нәтижесін әділ қазылар алқасы бағалап, топ жарған үздік жанұяларды анықтады. Жеңімпаз атанған отбасыларға дипломдар мен алғыс хаттар және арнайы дайындалған сый-сыяпаттар табыс етілді.
Мерекелік шара жиналған көрермендерді отбасының жылуы мен қуанышына бөлеп, әр жанұяның шағын мемлекет екендігін тағы бір дәлелдеді.