Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келіндер сайысы өтті

Келіндер сайысы өтті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы» тақырыбында келіндер сайысы өтті. Сайысқа отбасының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысып, бақ сынады. Шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді
Қазақ келіні қай кезден де отбасының берекесін келтіп, татулығын бекемдей білген. Әр үйдің өнерлі келіндері өздерінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп таныстырған болса, өнер сайысында өздерінің өнерлерін ортаға салды. Қазақы дастарқанын жайнатып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға асқан шеберлікпен мүдірмей жауап берді.
Арнайы құрылған қазылар алқасында «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Жүгінісова, аудандық мәдениет орталығының басшысы, аналар кеңесінің мүшесі Маруся Нұрмағамбетова, ұстаз, аналар кеңесінің мүшесі Айнұр Майқанова болды.
Жан-жақты дайындығымен келген келіндер сайыста өздерінің ерекшеліктерімен танылып, көптің көңілінен шықты. Сайыс қорытындысы бойынша Әдемі Қуандықова "Өнегелі отбасы" номинациясымен марапатталып, бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен бірге сайысқа қатысқан Гүлназ Медеталиева мен Света Айекешова да ерекше өнерімен танылып, түрлі номинация бойынша марапатталды.
Алдағы уақытта осы сынды келіндер сайысы кенттер мен ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.


Аудандық аналар кеңесі
18 наурыз 2021 ж. 2 388 0