Аналар кеңесі мүшелері кездесу өткізді

Жуырда ғана өз жұмысына кіріскен аналар кеңесі аудандағы әйелдер ісінің өз деңгейінде атқарылуына үлес қосу мақсатында басшылық қызметтегі әйелдер қауымы мен жас мамандардың басын біріктіріп, тағылымды шара өткізді.
Кездесу барысында әр саланың ардагерлері, мемлекеттік қызметте болып, зейнеткерлікке шыққан аналар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, отбасылық өмір мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрудің сырына тоқталды. Кездесу кешінде сөз алған «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ардагер ана Ханзада Әбілғазиева өсиетті әңгімесімен бөлісті.

Кездесу кешінде белсенді арулар аудандағы әйелдер ісін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, ойларын ортаға салды. Мұнан соң шараға қатысушылар кітапхана ішіндегі рухани құндылықтармен танысып, естелік суретке түсті.