Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық байқауда аралдық жас отбасы жүлдегер болды

Облыстық байқауда аралдық жас отбасы жүлдегер болды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Жас отау» конкурсы өтті.
Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға барлық аудандардан және Қызылорда қаласынан іріктелген үздік отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты. Конкурсқа Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Раушанбекұлы қатысып, жастар ұйымдары мен жас отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларға тоқталып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
Өнегелі отбасы құндылықтарын жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау мақсатындағы конкурсында Арал ауданынан арнайы барып қатысқан жас отбасы "Жақсылықовтар" отбасы жүлделі екінші орынды иеленді. Олар өздерінің өнерілі де, жан-жақты екендіктерін таныта білді. Отбасы құндылықтарын насихаттауда мұндай шаралардың маңызы ерекше. Байқауда жас отбасылар өз өнелерін ортаға салып қана қоймай елдің жарқын болашағы ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын да назарға алды. 
Жақсылықовтар әулетін жүлделі жеңісімен құттықтаймыз! 
"Толқын" ақпарат

18 қараша 2022 ж. 506 0