Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өткізіледі

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өткізіледі

Арал ауданында өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өткізілетін болады.
Байқаудың мақсаты — өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.
Конкурс ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Конкурсқа отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, зияткерлік салада, ғылымда немесе өзге де салаларда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады. Қатысуға өтінім төмендегі құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға осы хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады.
Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2021 жылдың 15 мамыр -15 маусым аралығында Арал қаласы, Астана көшесі № 33 үй «Арал аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
Қосымша толық ақпарат алу үшін 2-19-21 байланыс номеріне хабарласуға болады.

Арал аудандық ішкі саясат бөлімі 
20 мамыр 2021 ж. 654 0