Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мерейлі отбасы»: Биыл 17 отбасына лауреат атағы беріледі

«Мерейлі отбасы»: Биыл 17 отбасына лауреат атағы беріледі

Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бұрынғыдан өзгеше тәртіппен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат және қоғамық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай жаңалық айтты.

«Биыл Үкімет қаулысымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізудің жаңа қағидалары бекітілді. Ол бойынша конкурсты танымал ету және үміткерлердің санын ұлғайту үшін өтінімдерді отбасының өздерінен басқа жергілікті атқарушы органдар және заңды тұлғалар енгізе алады. Өңірлік кезеңнің барлық жеңімпаз отбасылардың еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері болғандықтан, республикалық деңгейде бір отбасын ғана таңдамай, барлық 17 отбасыға конкурс лаураеаты атағы беру туралы шешім қабылданды. Конкурс әділ әрі ашық өтуі үшін өңірлік комиссиялардың құрамына азаматтық қоғам өкілдері, өткен жылдардағы жеңімпаздарды қосу көзделген. Комиссия отырыстары жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунтарында онлайн көрсетілім арқылы өтеді», – деді комитет төрағасы.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерлер өтінімдерін жергілікті комиссияларға 15 маусымға дейін жолдай алады. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні мерекесі қарсаңында өтеді.

kyzylorda-news.kz
20 мамыр 2021 ж. 636 0