Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эстафеталық сайыс ұйымдастырылды

Эстафеталық сайыс ұйымдастырылды

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.Отбасы күні жанұяда руханилықты, өнегелі отбасын дәріптеуге, ерлі-зайыптылар жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.Қаладағы КМҚК «Балдырған» балабақшасында «Халықаралық отбасы күніне» орай «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу сайысы және «Біз бақытты баламыз!» тақырыбымен эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Балалар тақырыпқа сәйкес суреттер салып, көрме ұйымдастырылды. Ата-аналар балалармен бірге екі командаға бөлініп сайысқа түсті.
16 мамыр 2019 ж. 2 411 0