Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы күніне орай отбасылық эстафета ұйымдастырылды

Отбасы күніне орай отбасылық эстафета ұйымдастырылды

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай “Қамбаш” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” жобасы аясында жас отбасылар арасында эстафеталық сайыс өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұя мүшелері арасындағы татулық пен сыйластықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Сайысқа белсенді жас отбасылар қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар ұйымшылдық пен ептілікті талап ететін тапсырмаларды орындап, жоғары дайындықтарын көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шараның ашылу салтанатында “Қамбаш” бастауыш партия ұйымының төрағасы Досбол Есепбаев сөз сөйлеп, қатысушыларды Отбасы күнімен құттықтады. Ол отбасының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, жас отбасыларға бірлік пен береке тіледі. Сонымен қатар, мұндай шаралардың отбасы институтын нығайтудағы маңызы зор екеніне тоқталды.

Эстафеталық сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылардың шапшаңдығы, ұйымшылдығы мен белсенділігі сыналды. Отбасылар өзара қолдау көрсетіп, жарыс барысында ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен отбасылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
19 мамыр 2026 ж. 38 0