Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР” атты балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті

“ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР” атты балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті

“AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында Сексеуіл кентінде “Тең мүмкіндіктер” атты балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғам өміріне белсене тарту, спортқа қызығушылығын арттыру және олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасау болды.

Фестивальдің ашылу салтанатында “Сексеуіл” бастауыш партия ұйымының төрағасы Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, инклюзия бағытындағы партияның бастамаларына тоқталды. Ол өз сөзінде:
– Балалардың қабілеті мен арманына шектеу қойылмауы тиіс. “AMANAT” партиясы әр балаға тең мүмкіндік беру жолында жүйелі жұмыстар атқарып келеді, – деді.
Шара барысында балалар арасында эстафеталық жарыстар, доппен жаттығулар және түрлі қызықты спорттық ойындар ұйымдастырылды. Әр қатысушы өз мүмкіндігін көрсете отырып, белсенділік танытты.

Фестиваль соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен ата-аналардың алғысы шараның маңыздылығын айқындай түсті.

“Тең мүмкіндіктер” фестивалі инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған игі істердің бір көрінісі болды. Мұндай шаралар арқылы ерекше балалардың әлеуметке бейімделуіне және өз күшіне деген сенімінің артуына жол ашылады.

#“AMANAT”
22 қазан 2025 ж. 150 0