Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мониторинг жүргізді

«AMANAT» партиясы "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мониторинг жүргізді

Бүгін аудандық мәслихаттың және "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы және Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуына бейімделген №220 орта мектеп пен №64 орта мектептің қызмет көрсету сапасына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында балалар оқитын сыныптар тексеріліп, балалардың жеткен жетістігі айтылды.
Аталмыш топ инклюзивті білім беру мекемелерінің материалдық базасы, білім беру сапасы секілді талаптардың сақталуын қадағалап, тиісті ұсыныстар жасады.
Инклюзивті кабинет балалар үшін қажетті барлық әдістемелік көрнекіліктермен қамтамасыз етілген. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға қолдау көрсететін арнайы мамандар жұмыс жасайды.

"AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалы


21 ақпан 2025 ж. 93 0