Емдеу ұйымдарындағы дәрі-дәрмек қорына партиялық мониторинг жүргізілді

Арал аудандық емханасы мен көпбейінді орталық ауруханасындағы зерделеу барысында, партиялықтармен дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерде болуы және олардың жабдықталуы қаралды.
Өз кезегінде бақылау комиссиясының мүшелері халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету партияның сайлауалды бағдарламасының басты мақсаттарының бірі екендігін айтты. Сондай-ақ медициналық мекемелердің жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бағыттағы партиялық бақылау мен мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
#AMANAT
#КПК
#МониторингAMANAT