Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясы Бөгенде

Партиялық бақылау комиссиясы Бөгенде

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы және комиссия мүшелері сайлауалды бағдарламада белгіленген Бөген ауылдық округінде салынып жатырған жоба құны үш жүз тоқсан бес миллион теңге тұратын дәрігерлік амбулаторияға мониторинг жасады.
Амбулатория құрылысының жай-күйімен танысып, нысанның сапалы салынуын басты назарға алды. Комиссия мүшелері құрылысты уақытылы тапсыруға ұсыныс білдірді. Өз кезегінде бас мердігер «Аман-Құрылыс» ЖШС-і өкілдері құрылысты уақытылы аяқтауды жоспарлап отырғандығын жеткізді.
#AMANAT
05 қазан 2023 ж. 254 0