Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсықылыштағы спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты

Жақсықылыштағы спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов, аудандық партиялық бақылау комиссиясы және жауапты басқарма өкілдерімен партияның сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасына енгізілген құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында Арал ауданы Жақсықылыш елді мекеніндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде болды.

Құрылыс жұмыстарын «Системы безопасности-НС» ЖШС мердігер мекемесі бастап жүргізіп, құрылысты аяқтамай тастап кеткен. Тиісті қаржысы әлі қайтарылмады. Қазіргі таңда жаңа мердігер «Өмірзақ» ЖШС аталған кешеннің құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Ал жобалаушысы – «А-Нур invest жоба» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «ҚызылордаНурСтройИнжиниринг» ЖШС болып табылады.

Аталған нысан Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан Қызылорда облысы әкімінің өкімімен бекітілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізуге 2020 жылдың екінші жартыжылдық тізіміне енгізілді.

Құрылыс-монтаждауды жүргізу мерзімі 2020 жылдың 15 шілдесі мен 2021 жылдың 15 қаңтар айы  аралығында 90% пайыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр.
Өз кезегінде құрылысты жүргізіп жатқан мердігерлерге құрылыстың сапалы жасалып, уақытылы аяқталуын, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарау тапсырылды.

08 маусым 2023 ж. 451 0