БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Кеше облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Басқарма басшысы аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен бірге аудандағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен Арал қаласындағы 250 орындық Оқушылар үйі ғимаратына барды. Оқушылар үйінің құрылысы өткен жылы басталған болатын. Қазіргі таңда аяқталуға таяу, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Одан соң, Жақсықылыш кентіндегі «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан №19 орта мектепке қосымша 100 орындық жапсаржай құрылысымен танысты. Мектеп алаңындағы құрылыс жақында басталған. Ғимараттың іргетасы қалануда. Мердігер компания өкілі басқарма басшысына құрылыстың жүргізілу барысын түсіндірді. Сондай-ақ, кентте аталған бағдарлама бойынша спорттық сауықтыру кешені салынады деп күтілуде. Басқарма басшысы спорт кешенінің құрылысы жүргізілетін алаңда болып, мердігер компания басшысымен кездесті. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталады.
Мұнан кейін Бердияр Автайұлы Жіңішкеқұм ауылдық округіне қарасты Тоқабай елді мекенінде барып, аудандық маңызы бар «Тоқабай елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен таныс болды. Биылғы жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға мердігер «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Сапар соңында басқарма басшысы Сексеуіл кентінде болып 300 орындық мектеп және 40 төсектік аурухана құрылысымен танысып шықты. Кенттегі 300 орындық мектептің іргетасы қаланып, қазір қабырғасын қалау жұмыстары басталуда. Ал аурухана ғимаратының іргетесы құйылуда.
Ауданға жасаған сапары барысында құрылыс жүріп жатқан нысандардың жағдайымен толыққанды танысқан басқарма басшысы барлық ғимараттардың маңызы зор екендігіне тоқталды. Мердігер компания басшыларына құрылыс жұмыстарының бақылауда болатындығын айтып, сапасы мен белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуіне баса назар аудару қажет екендігін тапсырды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.