Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда су айдау насостық станциясы салынуда

Аралда су айдау насостық станциясы салынуда

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал қаласындағы №1 шағын ауданына 11,1 шақырым болатын су желісінің құрылысы жүргізілетін болады.Аталған су желісін тарту жұмыстарына сәйкес, жақын арада су резеруры V-300 м3 болатын ІІ көтермелі су насостық станциясының құрылысы басталды. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған құрылыс басында болып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеме басшысы аудан әкіміне су айдау насостық станциясының негізгі қызметі мен құрылыстың мән-жайы туралы мәлімдеді.

Аудан басшысы тұрғындардың тіршілігіне аса қажетті ауыз су желісінің уақытылы әрі тиянақты жүргізілуін басты назарда ұстау қажет екендігін айтты.

Айта кетейік, бұл насостық станция іске қосылған сәтте қаладағы №1 шағын ауданына су жеткізіліп, Жаңа ауыл және автобаз мөлтек аудандарына жіберілетін ауыз судың қуаттылығы артатын болады.
18 шілде 2020 ж. 1 051 0