ҚАРАШАЛАҢ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

Өз кезегінде тұрғындар есепті кездесуде ауыз су мәселесі жөнінде айтылған ұсыныстары ескерусіз қалмай, шешімін тауып жатқандығына қуанышты екендіктерін білдіріп, аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді.
Қазіргі таңда Бөген мен Қарашалаң елді мекені аралығындағы 13 шақырым болатын жолдың 4 шақырымнан аса бөлігі қазылып, су құбырларын орнату жұмыстарын «КөлсайСтрой» ЖШС жүргізуде. Екі елді мекен арасындағы құбыр тарту жұмыстары аяқталған соң, көктем мезгілінде ауылішілік су жүйесі жүргізіліп, тұрғын үйлерге таза ауыз су кіргізіледі деп жоспарлануда.
