ЖАЛҒЫЗАҒЫМ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ АУЫЗ СУ КІРГІЗІЛДІ

Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың ауылдағы бірқатар мәселелер жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Одан соң таза ауыз су кіргізілген үйлерде болып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Өткен жылы аудан әкімінің есепті кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су құбыры үйге дейін кіргізілсе деген ұсыныс түскен болатын. Бүгінде аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуінің нәтижесінде елді мекендегі 30 тұрғын үйге таза ауыз су кіргізілді.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі