ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ТАЛДАНДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбында арнайы жиын өтті.
Мәжіліске ҚР Премьер-Министрі А.Маминмен 2019 жылғы 29 шілдеде мақұлданған «Елді мекендерді 2023 жылдың соңына дейін сумен жабдықтауды жүз пайыздық қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасының» іс-шараларын облыс көлемінде орындау үшін құралған жұмысшы топ мүшелері: облыс әкімінің кеңесшісі Сержан Наметша, облыстық энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов және энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету және су бұру бөлімінің басшысы Шағдат Алмашевтар арнайы қатысты.
Жиында сумен жабдықтау және су тарту жүйесіне байланысты тақырыптық баяндамалар тыңдалды.
Алқалы жиынды ашқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев халықты, оның ішінде ауылдық елді мекен тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл бағытта соңғы жылдары ауданда ауқымды жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті. Дегенмен, әлде де сумен қамту мәселесі аясында шешімін қажет ететін мәселелер бар екенін жеткізді.
Одан әрі жиын барысында облыстық энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламанов сөз алып, Арал ауданына қарасты елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту турасында жоспарланған жұмыстар жайын сөз етіп, көрсетілген мерзімге сәйкес жұмыстарды атқару бойынша бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.
Мәселен, Мергенсай ауылдық округне қарасты Тастүбек ауылын сумен қамту жайы талдана келе, ағымдағы жылы ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жоба іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоба іздестіру жұмыстарының мақсаты, Тастүбек ауылына Мергенсай ауылында орналасқан су сорғыш бекетіне қосалқы су айдайтын су сорғыш орнатып 28 шақырым жерге құбыр тарту немесе ұңғыма (скважина) қазып су тұшытқыш аппаратын қою сынды тағы да басқа амалдарын қарастыру болып табылады.
Жиын қорытындысымен аталған мәселе бойынша әлде де жоспарлы жұмыстар жүргізу, тиісті елді мекендерге су желісінің жобасын әзірлеу жөнінде арнайы тапсырмалар берілді.