Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

Күні кеше аудан әкімі М.Оразбаев ауданға қарасты Шижаға елді мекеніне ат басын бұрып, ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап өтті.
Соның ішінде, ауылдағы №57 Е.Көшербаев атындағы білім ошағына және балабақшаға бас сұққан аудан басшысы ең алдымен жылу беру жүйесінің жұмысын тексеріп, жалпы жұмыс барысымен танысты деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Одан әрі ауылдағы мәдениет үйінде ауыл ардагерлерімен жүздесіп, ауыл тұрғындарының жай-күйімен танысып, ауданда атқарылып жатқан ілкімді жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының тілге тиек еткен бірқатар мәселелеріне орай көзбен көріп, көкейге түйген жағдайлардың қашанда оң шешім табуына жағдай жасайтындығын, қаралатын қаржы көлеміне қарай үйлестіретінін айтты.
09 қараша 2019 ж. 1 212 0