Бүгін аудандық партия филиалының жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы «AMANAT» партиясының Арал ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енген №71 орта мектептің және интернатының құрылыс жұмыстарына бақылау жасаған болатын. Бақылау барысында ешқандай заңсыз әрекеттер байқалмады.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Алдағы қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.