«Nur Otan»: Жұмыссыздар жұмыспен қамтылуы тиіс

Филармония аумағындағы саябақты сақтап қалу мақсатында қосымша құрылыс нысанының орны өзгертілген, соған сәйкес жоба-сметалық құжаттарына тиісті өзгерістер енгізіп, сараптама қорытындысын алу жұмыстары жасалып жатқаны анықталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтамай жүргізілуде.
Құрылыс осы жылдың мамыр айынан басталған жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша құрлысқа 66 жұмысшы тартылу көзделген, алайда қазіргі таңда 13 жұмысшы жұмысқа қабылданып жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.
Партиялық бақылау комиссиясы орын алған кемшіліктерді, құрылысты толық бастап кету үшін құжаттарды рәсімдеуді жеделдетуді және жұмыссыз жүрен азаматтарды жұмысқа тарту туралы ұсыныстар берді.
