Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ»: БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ»: БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан екі колледждің жұмысымен танысты.
Аудан орталығында орналасқан екі колледждің аудан жастарын қажетті маман ретінде дайындап шығаруда маңызы зор.
Арал көпсалалы колледжінің оқу ғимараты 3 қабатты, 1980 жылы салынған. Ғимараттың жобалық қуаттылығы 360 оқушыға арналған. Оқу корпусының іргетасы біртұтас бетон, сыртқы, ішкі күрделі қабырғалары қыштан салынған. Ал, колледждің жанындағы зертхана ғимараты 1975 жылы қамыс қаңқадан тұрғызылған.
Биыл осы аталған нысанның күрделі жөндеу жұмысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен 696,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі бойынша жеңімпаз болып танылған Қызылорда қаласының «Агроспецмонтаж» өндірістік кәсіпорны арқылы жүргізілуде. Күрделі жөндеу барысында білім беру нысаны заман талабына сәйкес жаңғыртылып, білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасалмақ. Атап өту қажет, құрылыс жұмыстары барысында 125 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі күні 63 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта тұрғындарды жұмыспен қамту жалғаса бермек.
Күрделі жөндеуден өтетін екінші нысан «Арал индустриалды-техникалық колледжі». 1980 жылы аудандағы кеме жөндеу зауытының теңгерімінде асхана ретінде салынған ғимарат 2003 жылы колледж балансына алынып, оқу корпусы ретінде қайта жабдықталған.
Ғимарат екі қабаттан тұрады. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі арқылы жеңімпаз ретінде танылған Қызылорда қаласының «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы 202,7 млн теңге бөлінген нысанның күрделі жөндеу жұмыстары барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Екі бірдей білім нысанының жай-күйін бақылап өткен аудан басшысы жөндеу жұмыстарына жауапты мердігерлермен кездесу барысында жұмыстың сапалы атқарылуын қатаң назарға алуды тапсырды. Сонымен қатар құрылыс аясында жұмысқа тартылған азаматтардың «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы қамтылуын шегелеп тапсырды.
Одан әрі аталған бағдарлама шеңберінде жай жөндеу жұмыстарына қаржысы қаралған Арал қаласындағы кеңес беру диогностикалық емханасына барды. Қазіргі таңда аталған емханада жылыту қазандықтарын сұйық отыннан көгілдір отынға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
19 маусым 2020 ж. 909 0