Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиынға комиссия төрағасы Н.Ембергенова “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Т.Қанатов және комиссия мүшелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

I. Азық-түлік бағаларына жасалған мониторинг жұмыстарының нәтижесі;

II. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу бағыты бойынша тиісті нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізу.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Комиссия төрағасы Нұрсауле Сайлауқызы комиссия мүшелеріне азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұру қажет екендігін айтты.
Сондай ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты іс-шаралармен, шешімдер қабылданып тиісті ұсыныстар берілді.

#AMANAT
17 қаңтар 2024 ж. 325 0