Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жарияланды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жарияланды

Азық-түлік пен тауар бағасына мониторинг жүргізу үшін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы жанынан құрылған мониторинг топ мүшелері аудан орталығындағы сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.Сондай-ақ, мониторинг тобының мүшелері кәсіпкерлерді хабардар етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы белгіленген шектен аспауы тиіс екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі жалғасуда, мәселе ерекше бақылауда.
17 тамыз 2022 ж. 685 0