Жұмысшы топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Тұрғындар көп тұтынатын бірінші сортты бидай ұны, нан, өлшеніп сатылатын рожки, қарақұмық жармасы және тазартылған күріш (домалық дәнді), сиыр еті (сүйекті жауырын төс бөлігі), тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, ас тұзы («Экстра»-дан басқа), сынды азық-түлік өнімдері бағаларын қымбаттатпау қажеттігін айтып, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіпкердің өзіне шара көрілетіндігін ескертті.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 202-бабына сәйкес азық-түлік тауарларына белгіленген шекті бағаларды арттырғаны үшін -100 АЕК, жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеті үшін –200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.