Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторирнг жүргізілді.

Арал қаласындағы "Олжа", "Меруерт", "Жансая", азық-түлік дүкендеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағасына мониторинг жүргізілді. "Олжа" азық-түлік дүкенінде: Күнбағыс майы 1 л - 400 тг, күріш 1 кг - 251 тг, ас тұзы 1 кг - 45 тг, Рожки 1 кг - 175 тг (2 кг каптамадағы рошки -350 тг). "Меруерт" азық-түлік дүкенінде: Күнбағыс майы 1 л -380-410 тг аралығында, ас тұзы 1 кг - 45, тауық жұмыртқасы (1 санаттағы) 10 дана жұмыртқа 285 тг, күріш - 250 теңгеден сатылымда. Сонымен қатар, "Жансая" азық-түлік дүкенінде күріш - 250 тг, ас тұзы - 45 тг, күнбағыс майы - 414 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік маңызы бар 9 (тоғыз) түрлі азық-түлік тауарларының бағасына шекті бағаларынан асып кетуін болдырмау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп келеді.