Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады

Базар әкімшілігі сатушыларды бекітілген шекті бағалар мен әкімшілік жауапкершілік туралы хабардар етуге міндетті Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құнын өндіруші ұсынған бағаның 15%-нен артық көтеруге тыйым салынады. Мәжіліс тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі. 
Заң жобасына сәйкес, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сату кезінде тауар құнын өндіруші немесе көтерме жеткізуші ұсынған бағаның 15 процентінен артық өсіруге тыйым салынады. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. 
"Бұл нормалар ұн, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұз және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Барлығы осындай азық түліктің 19 түрі бар", - деді мәжіліс депутаты Мерует Қазбекова жалпы отырыста. 
Базар әкімшілігі сатушыларды бекітілген шекті бағалар мен әкімшілік жауапкершілік туралы хабардар етуге міндетті. 
Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі

Бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан пісірілген нан (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, сәбіз, пияз, ақ қауданды қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (I санатты), аc тұзы ("Экстра" -дан басқа), мүзбе, майлылығы 5-9%.

06 мамыр 2020 ж. 1 148 0