Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада азық-түлік тауарларын бекітілген бағадан қымбатқа сатып алсаңыз, қайда жүгінуге болады?

Қызылордада азық-түлік тауарларын бекітілген бағадан қымбатқа сатып алсаңыз, қайда жүгінуге болады?

Kyzylorda-news.kzОсы жылдың 4 сәуірінде сауда, ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика  министрліктері Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік тауарларының  шекті  сауда бағасын енгізу туралы бірлескен бұйрығына қол қойған болатын.
«Nur Otan» партиясының  Қызылорда облыстық филиалы мүдделі органдармен бірлесе отырып, аталған азық-түлік бағаларына  шекті бағаны көтерудің жолын кесу мақсатында Telegram желісінде арнайы қондырғы ботты іске қосты.
Бот  тұтынушылар үшін белгіленген шекті бағаларды мониторингтеуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Егер Сіз дүкендердің шекті бағаны көтергенін көрсеңіз, мына сілтемеге өтіп https://t.me/Qyzylorda_bot. тілді таңдап, жоғары баға көрсетілген чекті (құнын көрсетіп), сауда нүктесінің  атауы, нақты күні, орналасқан  жері туралы нақты ақпараттарды жүктесеңіз болады.
Келіп түскен материалдар деру құзырлы органдарға жеткізіледі.
21 сәуір 2020 ж. 1 012 0