Ерекше балаларға арналған өнер фестивалі өтті

Аталмыш шара мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларының шығармашылығына қолдау көрсету, өнер мен мейірім арқылы инклюзивті қоғам құру мақсатында ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында мәдениет үйінің фойесінде балалардың өз қолдарынан жасаған түрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды.
Шараның шымылдығында «Сынық құмыра» атты бейнебаян көрсетіліп, «GN» өнер академиясының бишілер тобы заманауи биімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Фестивальде сөз алған “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атхарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
Мұнан соң, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған бірқатар ата-аналар мен қолөнер көрмесіне белсене қатысқан балаларға алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Шара одан әрі балалардың және олардың отбасы мүшелерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Олар бірлесе ән шырқап, би билеп, түрлі жанрда өнер көрсетті. «Ана мен бала», «Аға мен қарындас», «Аққу-арман», «Қара жорға» сынды туындылар сахналанып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фестиваль соңында барлық өнерпаздар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.




#AMANAT”