Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балаларға арналған өнер фестивалі өтті

Ерекше балаларға арналған өнер фестивалі өтті

Кеше аудандық мәдениет үйінде «Екі жұлдыз» атты мүгедектігі бар ерекше балалар қатысуымен өнер фестивалі өтті.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара алдымен фойедегі балалардың әзірлеген қолөнер бұйымдары қойылған көрмеден бастау алды.
Фестивальде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов алдымен балаларды келе жатқан 1 маусым –Халықаралық балалар күнімен құттықтап, ерекше жандардың өмірге деген талпыныстары мен өнерге деген құштарлықтарына ризашылығын білдіріп, олардың қоғамдағы рөліне тоқталды.
«Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», - деп айтқан болатын. Міне, бүгінде елімізде ерекше балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету бағытына ден қойылып, қабілеттеріңізді шыңдауға барлық жағдай жасалып келеді. Бүгінгідей мәні зор шараның білімге мүдделі балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың қоғамнан шет қалмай, тең дәрежеде барша мүмкіндіктерге қол жеткізе алуына маңызы зор деп санаймын» - деді, Бектемір Ұлыбекұлы.
Мерекелік кеш одан әрі өнерлі жұптардың ән шырқаған қатысушылардың әсем өнерлеріне жалғасты.
Шарада өнер көрсеткен қатысушыларға аудан әкімінің «Алғыс» хаты мен түрлі номинациялар және сый-сыяпаттар табысталды.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 мамыр 2024 ж. 227 0