Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Аудан көлемінде де ерекше күтімді қажет ететін жандар жанжақты қолдауға ие. Олардың қатысуымен түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі жандар белсенді атсалысып келеді. Осындай шараның бірі аудандық мәдениет үйінде өтті. Ерекше жандарды белсенді өмірге тарту, олардың өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезіну көзқарасын қалыптастыру, жеке дара шығармашылық дарынын жетілдіру мақсатындағы «Жанашырлыққа жан риза» атты ерекше жандардың өнер фестивалінде олардың әзірлеген бұйымдары қойылған көрме көпшілікке ұсынылды. Мемлекеттік грант негізінде кәсіпкерлігін дөңгелетіп отырған жандар осы көрмеде өз туындыларын көрсетті.
Мерекелік кеште сөз алған аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов аудандағы ерекше жандардың өмірге деген талпыныстары мен өнерге деген құштарлықтарына ризашылығын білдіріп, олардың қоғамдағы рөліне тоқталып, өнер фестиваліне қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестиваль барысында зағиптар қоғамының мүшелері, түрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдар жүрекжарды шығармашылықтарын орындап, әсем ән шырқап, домбыра аспабымен өсиеттік термелерді нақышына келтіре орындады. «Өнерге әркімніңақ бар таласы» деп дана Абай жырлағандай халықтың оларға деген қошеметі мен ыстық ықыласы тым ерекше болды. Осы шарада өнер көрсеткен 24 қатысушыға аудан әкімінің құттықтауы мен сыйсияпаттар табысталды.
(Өз тілшімізден)