Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі бала асырайтын отбасыға ерекше статус берілуі мүмкін

Мүмкіндігі шектеулі бала асырайтын отбасыға ерекше статус берілуі мүмкін

Мүмкіндігі шектеулі бала асырайтын отбасыға ерекше статус берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтты, Светлана Жақыпова мұндай статус ата-аналарға арнайы жеңілдіктен бөлек, ерекше қолдау көрсететінін жеткізді. Ал зейнетке ерте шыққан жарымжандарға арнайы зейнетақы жарнасы төленуі мүмкін. "Еңбек" бағдарламасы арқылы 18 000-нан аса мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа орналастырдық. Былтыр тірек қимылында ақауы бар адамдарға субсидия қаралса, биыл көру қабілеті нашар азаматтар үшін арнайы субсидия бөлінеді. Бұл - оның кәсібін бастауға қолдау көрсету мақсатында қажет", - деді Светлана Жақыпова.  Қазір Қазақстанда 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектелуі жан бар. Оның басым көпшілігі еңбекке жарамды. Ал 88 мың бала 17 жасқа толмаған. Үйде білім алып жатқандар саны 15 мыңнан асады. Еске салайық, ерекше күтімді қажет ететін балаларға жәрдемақы 1 шілдеден бастап 30%-ға өседі. Яғни, ата-аналар енді айына 31 мың емес, 42 мың теңге алады. "Білім министрлігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандар шалдыққан ауру түрлерінің тізімі жасалады. Онлайн оқытудың сапасын жақсартып, педагогтарды қайта даярлаймыз. Қазір 4 мыңнан аса орталық мұндай балаларды өздеріне оқытуға дайын. Тек арнайы білім беретін бағдарлама қажет", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
https://kaz.tengrinews.kz
20 маусым 2019 ж. 802 0