Инклюзивті білім беру саласының мамандары ауқымды мәселелерді талқылады

Қазіргі таңда ауданымызда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, мектептер базасынан инклюзивті ресурстық орталық және инклюзивті қолдау қабинеттері жұмыс жасап, онда психолог, логопед, дефектолог, сурдопедагог мамандар сапалы қызмет көрсетуде. Сондай-ақ бірқатар мектептерде инклюзивті сыныптар ашылып, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына мүмкіндік жасалып отыр. Оларға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында пандустар да салынуда.
Сонымен қатар ауданда жуырда ғана ерекше балаларға арналған «Өнерім саған, Қазақстан!» атты облыстық фестиваль болып өтті. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар өз өнерлерін көрсетіп, оларға түрлі сыйлықтар табысталды.
Кездесу соңында инклюзивті білім беру мамандары мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастырып, сапалы білім беру үшін ауданымызда атқарылып жатқан істердің ауқымын кең деп бағалады.


"Толқын ақпарат"