Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балаларға өзгеше өмір сыйлау қажет

Ерекше балаларға өзгеше өмір сыйлау қажет

Сәуір айының 28-29 күндері Алматыда Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтіп, коммерциялық емес ұйымдарға гранттар байқауының қорытындысы шығарылды.
Аталған жәрмеңкеге өзім де арнайы шақыртумен қатысып, әріптестермен әлеуметтік тұрғыда мол тәжірибе алмасып қайттым десем де болады.
Бұл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 177 өтінім келіп түскен. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде финалға 50 жоба шықты. Олардың авторлары екі күн бойы қазылар алқасына өз бастамаларын ұсынды.
Олардың ең үздіктері, атап айтқанда 10 жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантына ие болды, соның арқасында олар өз идеяларын жүзеге асыра алады. Айта кету керек, тақырыпқа сәйкес байқауға қатысушылар қазақстандық балалардың өмірін жақсартуға арналған жобаларды білім беру, құқықтарын қорғау, денсаулығын сақтау, бос уақытын өткізу және т.б.
Жеңімпаздарды құттықтаған Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі Қордың азаматтық секторды қолдау, инклюзивті қоғамды дамытуға және үлкен мәселелерді шешуге бағытталған негізгі бағдарламаларының бірі болып табылатынын ерекше атап айтты.
Осы орайда менде  былтыр яғни 2021 “Арал Ару Ана дамыту орталығы» арқылы арнайы жоба әзірлеп, сол арқылы грант ұтып, «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген іс-шараларды жүзеге асырған болатынмын. Сол негізде қолға алған жобамды тоқтатып қалмай, алдағы уақытта 120 ерекше баланы қамтамасыз ететін арнайы инклюзивті бөбекжай балабақша ашып, партияның «Кедергісіз келешек» жобасын тұрақты түрде іске асыруға өз үлесімді қоссам деген жоспарым бар. Бұл тұрғыда орталықты ашу үшін қазіргі таңда арнайы жер алынып, құжаттары реттелуде. Осы орайда менің жобамның ешқандай шектеуі жоқ. Мүмкіндігі шектеулі балалардың шектеусіз дарыны мен талантын ашып, оларға өздері қалағандай қоғамда өмір сүруге мүмкіндік сыйлайтын шараларды да қосымша жүргізсем деген жоспарым бар.
Кез-келген бала, соның ішінде ерекше балалар қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Ал осындай орталықтардың көптеп іске қосылуы мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыптасуына зор ықпалын тигізеді деп сенем білдіремін.

Ибраимова Лаура Колханатқызы,
Қызылорда облыстық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
03 мамыр 2022 ж. 887 0