Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала құқықтарын қорғау жайы талқыланды

Бала құқықтарын қорғау жайы талқыланды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған «Балалардың құқығын қорғау жөніндегі» облыстық жұмыс тобының мүшелері «Ұмай» емдеу-тәрбиелеу қайырымдылық балалар үйінің директоры, кеңес төрағасының орынбасары Анар Ізден, облыстық білім басқармасының бас маманы Айжан Қиянбекова, облыстық денсаулықсақтау басқармасының дәрігер-фтизиаторы және облыстық ішкі істер департаментінің ювеналды полиция инспекторы Айтпаш Абзал ауданда арнайы жұмыс сапарымен болып қайтты.
Аудандағы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мекемелердің үлесін зерделеу мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов және аудандық білім бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық аурухананың басшыларымен бас қосып, жұмыс сапарының басты мақсаты мен жоспарына тоқталып өтті.
Одан әрі аудан орталығындағы және ауданға қарасты бірқатар елді мекендердегі білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысты.
Алдымен Арал қаласындағы №13, №260, №14 орта мектептерінің ұжымдарында және «Сартай» балабақшасына болған жұмысшы топ мүшелері негізінен мектеп қабырғасындағы және балабақшадағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыстардың барысын зерделеп, сонымен қатар үйден білім алатын балаларды оқыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап өтті. Соның ішінде, дефектолог, психолог және мектеп медбикелерінің баламен жекелей жүргізген жұмыстарын талданып, әлі де қолға алуды қажет ететін маңызды шараларды жолға қоюды тапсырды.
Аталған зерделеу жұмыстары мұнан әрі ауданға қарасты Шижаға елді мекеніндегі және Сексеуіл кентіндегі білім ошақтарында жалғасты.





14 ақпан 2020 ж. 1 002 0