Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балғындар еш кедергісіз өмір сүруі тиіс

Балғындар еш кедергісіз өмір сүруі тиіс

Жыл басында Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы жанынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларды мемлекеттік қолдау және балалардың құқығын қорғау мақсатында Республикалық Кеңес құрылған болатын.
Дәл осы мақсатта кеңес жұмыстарын өңірлік деңгейде үйлестіретін облыстық партия филиалы жанынан да облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі арнайы топ жұмыс жасайды.
Кеше Қызылордада аталған топтың кезекті отырысы өтіп, онда «Жалпы білім беретін мекемелерде инклюзивті білім беру бағдарламаларының іске асырылуы, облыстағы әлеуметтік маңызы бар объектілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі, мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде балалардың, бос уақытын жақсартуға бағытталған аула клубтарының жәй күйі қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен өткен жиынға бейнебайланыс режимінде барлық аудандар қосылды.
Атап өту керек облыстық жұмыс тобы бұған дейін қаладағы инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің қызметіне мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын. Жиын барысында осы талдау нәтижиесі бойынша анықталған кемшіліктер ашық айтылып, жиын төрағасы оларды түзетуге қатысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Мониторинг жасалған мекемелер тізімі:
- «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы;
- «Жастар үйі»;
- «Мамандандырылған сәбилер үйі»;
- «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» (ЦАН);
- Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп;
- «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы» КММ;
- Қызылорда қаласындағы №189 мектеп жанындағы шалғай ауыл балаларына арналған интернат;
- Қалалық жалпы білім беретін кешкі мектеп;
- №2 дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру мен әлеуметтік бейімдеу орталығы;
- «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ.
03 қазан 2019 ж. 882 0