Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Облыс әкімдігі, облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің және облыстық Қоғамдық кеңестің қатысуымен бірлескен кеңейтілген отырыс өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, облыс әкімінің «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі мен облыстық Қоғамдық кеңес алдындағы кезекті есебі және облыс әкімінің орынбасары Евгений Кимнің «2018 жылды облыс бойынша жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялау туралы» хабарламасы тыңдалды.
Алдымен аймақ басшысы өткен жылы атқарылған ауқымды істерге тоқталды. Әлеуметтік сала мен өндірістегі жүйелі жұмыстарды және ауыл шаруашылығы, экономика салаларындағы ілкімді істерге тоқталды. Сонымен қатар, 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспары таныстырылыды.
Қоғамдық кеңес отырысында сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері Наурызбай Байқадамов, Нұрмұрат Ерманов, «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі Әлима Әбдіхалықова сөз сөйлеп аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Былтыр Қоғамдық кеңестің 6 отырысы өткізіліп,
10 мәселе қаралған. Оның ішінде облысты газдандыру, тариф мәселелері, аймақтағы қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы, облыстың қолданыстағы уақытын, сағаттық белдеу шекарасын өзгерту, 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы мәселелері қаралды.
Кеңес отырысында қаралған екінші мәселеде биылғы жылы кәсіпкерліті жаппай қолдау мәселесі талқыланды. Осыған орай аймақ бюджетінен бұрынғыдан да көп қаржы бөлу қарастырылған. Бүгінде мемлекет аталған саланы өрістетуге барынша назар аударуда. Бұл бастама Сыр өңірінде өзгеше сипат алып, жыл көлемінде түрлі шаралар атқару көзделіп отыр. Осыған баяланысты Евгений Ким баяндама оқып, жүзеге асырылатын жұмыстардың жайына тоқталып өтті.
Кеңес отырысының қорытындысында 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспары мен жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялау туралы бірлескен хаттамалық шешім қабылданды.
14 ақпан 2018 ж. 1 803 0