Жеңіске ұмтылдырған тартысты турнир

Жылдамдыққа бағытталған бәсекеге қатысушылар қызу дайындықпен келген. Шапшаңдық пен ептілік ұштасқанда ұтысқа жетелейтін тартысты турнир әрбір спортшының жеңіске деген ұмтылысын айқын аңғартқандай. Алдымен турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов қатысып:
– Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Бұл шара өздеріңіздей жастарымыздың келешекте салауатты өмір салтын нық ұстанып, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру бағытында ұйымдастырылуда. Үстел теннисінен өткізілетін доданы ашық деп жариялаймын, – деп жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар аудан әкімінің Алғыс хатымен, түрлі номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Толқын» ақпарат