Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАЙСАР» МЕН «ЕЛІМАЙ» арасында тартысты матч өтті

«ҚАЙСАР» МЕН «ЕЛІМАЙ» арасында тартысты матч өтті

Бүгін Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Абай облысының «Елімай» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур аясында кезекті матч өтті.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, жергілікті командаға қолдау білдірді.
Ойын барысында «Қайсар» сапындағы Николла Цуцкич пен Имо Эзикель жасыл алаңда өз шеберліктерін танытып, гол авторы атанды.
Дегенмен, аладоп бәсекесінің нәтижесі 3:2 есебімен аяқталып, қарсылас команда ұпай еншіледі.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

29 мамыр 2026 ж. 43 0