Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллардың қымбаттауы: Теңге бағамын тұрақтандыру үшін Ұлттық қор 91 млн доллар жұмсаған

Доллардың қымбаттауы: Теңге бағамын тұрақтандыру үшін Ұлттық қор 91 млн доллар жұмсаған

Теңге бағамының тұрақсыздығын әрі күрт құбылуын болдырмас үшін Ұлттық Банктің жасаған интервенциясы туралы ақпарат жарияланды. 

Сыртқы нарықтардағы жағдай сияқты, өткен айда теңге серпіні әртүрлі бағытта болды және орташа құбылмалылықпен сипатталды. Алайда, қазанның соңғы күндерінде энергия тасығыштарға бағаның күрт төмендеуі аясында теңгеге айтарлықтай қысым болды. Айдың соңғы аптасында мұнайдың бір баррелі құнының төмендеуі қарқынды болды және 2020 жылғы сәуірден бастап барынша нашар болды, баға белгілеулер 10,3%-ға төмендеді.
Осы кезеңде валюта нарығында валюта ұсынысының күрт төмендеуі
және өтімділіктің төмендігі байқалды, осыған байланысты Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізді, оның көлемі 91,3 млн долларды құрады, Ұлттық Банктің қатысуы жалпы нарықтық серпінге кедергі келтірмеді.
Валюта нарығы үшін қолайлы факторлардың ішінде мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттердің әкелінуінің қайта басталғанын атап өту қажет. Қазанда мұндай әкелінудің көлемі 71,8 млрд теңгені немесе шамамен 167 млн долларды құрады.
stan.kz
09 қараша 2020 ж. 481 0