Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңге нығайды: Доллар курсы 376 теңге болды

Теңге нығайды: Доллар курсы 376 теңге болды

Ұлттық валюта курсымен бір доллар құны 376,53 теңге болды

Таңертегілік KASE саудасы бойынша, доллар 376,53 теңге болды. 20 маусымдағы күндізгі сессия бойынша, бір доллар құны 380,33 теңге болған еді. 
21 маусымдағы алғашқы сауда 378,5 теңгемен жүрді. Бұның өзі максималды сома болды. Ең минималды сома 376,1 теңге болды. Сауда көлемі 158,06 млн долларға жетті. 
Ақша айырбастау орындарында ұлттық валюта құны, Kurs.kz мәліметінше, 376-378,5 теңге аралығында. 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 11:06-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 64,39 долларды құрады.
21 маусым 2019 ж. 887 0