Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинақтарын алу кезіндегі салықты кейінге қалдыру: Парламент жаңа түзетулерді қабылдады

Зейнетақы жинақтарын алу кезіндегі салықты кейінге қалдыру: Парламент жаңа түзетулерді қабылдады

Мәжілісмендер зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын кейінге қалдыру туралы түзетуді қабылдады.

Депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске (салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.
Заң жобасында:
  • жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау;
  • пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимін енгізу;
  • осы жылдың соңына дейін Үкімет айқындаған қызмет түрлерінің тізбесі бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро -, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде айқындау құқығын беру;
  • жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардың жер салығы бір төлемге біріктіріледі, көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлеу тоқтатылады.
Заң жобасы ел президентіне жіберіледі.
stan.kz
24 қараша 2020 ж. 435 0