Доллар арзандап, теңге нығайды

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған. Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,67 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,63 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,12 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,65 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 418,56 теңге.
www.kazinform.kz