Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын қандай мақсатта пайдалануға болады?

Зейнетақы жинағын қандай мақсатта пайдалануға болады?



Қазақстандықтар бір жолғы зейнетақы төлемдерін бірнеше рет бөліп пайдалана алады. 
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жариялады. Ең бастысы – қаржыны мақсатты түрде жаратуың керек.
Қаржыны берудегі негізі бағыттың бірі – тұрғын үй жағдайын жақсарту. Ол қандай шарттармен бірлетінін кеше Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жариялады. Бір жолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі.
Ең бірінші тұрғын үй сатып алу. Егер салынып жатқан үйдің аяқталатынына кепілдік болса, үлескер ретінде қатысуға болады. Жер сатып алуға және жеке үйіңізді сала аласыз. Егер пәтерді ипотекаға алуды жоспарласаңыз, зейнетақы қорындағы қаржыны алғашқы жарна ретінде пайдалана аласыз немесе ипотекалық қарызды толық өтеуге болады. Сондай-ақ жақын туыстар қаржысын өзара бірлесіп жұмсай алады. Бірақ айта кететін бір жайт бар. Зейнетақы қорындағы қаржыны пайдаланып алынған үйді бес жылға дейін сата алмайсыз. Сондай-ақ үйді жақын туыстарыңыздан сатып алуға болмайды. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін екі оператор белгіленді. Ол «Отбасы банк» және «Халық банк». Екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн шот ашып, өтініш қалдыруға болады. Қазір қазақстандықтар туристік мақсатпен 5 мемлекетке бара алады. Олар Мальдив аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка, Түркия және Египет. Freedom Finance Life компаниясының мамандары жүргізген зерттеуге қарағанда демалыс жолдамасының орташа бағасы 370 мың. Отандастарымыз үшін ең қолжетімді бағыттар – Түркия, Египет және Біріккен Араб Әмірліктері. Соңғысында бір апта демалу ақысы 140 мың мен 400 мың арасында. Яғни баға қонақүйдің беделі мен ас мәзіріне, ұшақтағы орныңызға байланысты өзгере береді. Түркияға барғыңыз келсе, қалтада кемі 180 мың болуы шарт. Алты күн шалқып өмір сүремін десеңіз, 600 мың төлеуіңізге де болады. Ал Мысыр бағытындағы турдың орташа бағасы 200-бен 400 мың теңге аралығында. Малдив аралдарын аралаудың ең арзаны 400 мыңнан басталады. Қалауңызға қарай демалыс құны 2 миллион теңгеге жетуі мүмкін. Ең қымбаты – Шри-Ланка. Бұл бағытта саяхаттау үшін қалтаңда кемі 500 мың болуы керек.
***
Қазақстанда 57 туристік жоба жүзеге асады
Шет елдер туралы айттық. Олар да біздің елге қонақ боп келу қанша тұратынын есептей ме екен? Бізде саяхатшыларды көптеп тарту үшін биыл елдің туризм саласында 60-қа жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның жалпы сомасы 454 миллиард теңгеден асады. Яғни елде қонақ үй, демалыс орындары, шипажай кешендері көптеп ашылады. Нәтижесінде жаңадан 5 мың жұмыс орны құрылады. Мамандардың пайымынша, эпидемиологиялық ахуал тұрақталса, ішкі туризм қайта жанданады. Саяхатшылар арасында табиғат аясына шығу, Жібек жолы бойымен көшпелі керуен құру және шипажайлар кешеніне сұраныс артады
***
Қоршаған ортаны қорғауға салынған қаржы көп.
Былтыр 11 айда елдің қоршаған ортаны қорғау саласына 148 миллиард теңге жұмсалды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31%-ке көп. Саланы дамыту бағытында кешенді жоспар жасалған. Яғни алдағы бес жылда орман алқаптарына 2 миллиард, елді мекендердің ішіне 15 миллион ағаш егіледі. Сондай-ақ 2050 жылға дейін қолданыстағы электр қуатының 50%-і баламалы қуат көздерінен алынбақ. Осындай игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жасыл облигацияларын сата алады. Облыс және респубилкалық маңыздағы қала әкімдіктері облигацияларын Астана халықаралық қаржы орталығында саудалауға мүмкіндік бар. Қарашаның басындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар 1,1 триллион теңгеге құнды қағаздарын шығарды. Инвестиция тарту бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұнда 143 миллиард теңге қаржы салынған. Одан кейін елорда мен Түркістан. Мұндай тәжірибе шет елдерде де жақсы қарқын алып келеді. Бүгінде әлемнің 17 елі жасыл экономика жобаларын қаржыландыру үшін 80 миллиард доллардан астам сомаға облигация шығарған.
***
Электр желілерін жаңартуға 59 млрд жұмсалады
Биыл елді электр қуатымен қамту саласына 59 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Оның аясында бірнеше жоба жүзеге асады. Ең ірі жобаның бірі электр желілерін жаңартуға бағытталады. Ол бірнеше жылға жоспарланған. Жалпы құны 151 миллиард теңгені құрайды. Биыл 11,5 миллиарды жұмсалмақ. Қаржыға қуаттылығы 220-250 киловатт сағаттық желілер жаңартылады. Түркістан облысында жарықпен қамту үшін жаңдан электр желілері тартылады. Жобаның жалпы құны 8 миллиард. Биыл 6 миллард теңгеге жұмыс атқарылады. Батыс өңірлерде бағаналар мен сымдарды жаңарту жұмысы басталады. Бұл бағытта биыл 3,5 миллиард теңге жұмсалады. Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, былтыр электр қуатымен қамту саласына 60 миллиард теңге тартылды. Бұдан бөлек, Шардарадағы су электр станциясын жөндеуге 36 миллиард теңге жаратылған.
***
Елде 937 мың тонна ет өндірілді
Былтыр елде 931 мың тоннадан астам ет өндірілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,7%-ке көп. Осылайша, Қазақстанда ет өндіру көлемі тұтыну көлемімен теңесті. Яғни, ішкі нарық сиыр етімен 97%-ке, қой етімен 100%, жылқы етімен 98%-ке қамтамасыз етілді. «Осы деңгейді одан әрі сақтап қалу үшін қоймалар үнемі толықтырылып келеді», - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері. Ет өндірісінің артуына мал басының көбюі өз әсерін тигізді. Былтырғы есеп бойынша елде 3 миллионнан астам жылқы, 8 миллионға жуық сиыр, 227 мыңдай түйе, 17,5 миллион қой мен 2 миллионнан астам ешкі бар. Яғни еттің қымбаттауына мал басының немесе өндірістің аздығы себеп емес. Оған нарықтағы жем-шөптің, техниканың, тасымалдауға кететін шығындар және сұраныс пен ұсыныс әсер етеді. Сондай-ақ бағаға өзге елдердегі еттің құны да өз әсерін тигізеді Енді валюта бағамына тоқталсақ, Қазақстан қор биржасында АҚШ -тің бір доллары 418 теңге 46 тиын. Еуро 508 теңге 45 тиын Ал Ресей рублі 5 теңге 70 тиын деп белгілеген.

24.kz
22 қаңтар 2021 ж. 286 0